Соңғы онжылдықтағы үздік бапкердің есімі белгілі болды

12.01.2021 16:31 Әлем футболы

Үздік 10 бапкердің есімі жарияланды.

Соңғы онжылдықтағы үздік бапкердің есімі белгілі болды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) соңғы онжылдықтың үздік бапкерін атады.

Рейтингтегі алғашқы орынды «Атлетико Мадридтің» бас бапкері Диего Симеоне иеленді. Екінші орынға «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола жайғасты. Үздік үштікті «Ливерпульдің» тәлімгері Юрген Клопп түйіндеді. Ал үздік бестікке «Тоттенхэм» клубының жаттықтырушысы Жозе Моуринью мен «Ювентустың» бұрынғы жаттықтырушысы Массимилиано Аллегри енді.

IFFHS бойынша соңғы онжылдықтағы үздік жаттықтырушылардың тізімі:

1. Диего Симеоне;

2. Хосеп Гвардиола;

3. Юрген Клопп;

4. Жозе Моуринью;

5. Массимилиано Аллегри;

6. Унай Эмери;

7. Зинедин Зидан;

8. Карло Анчелотти;

9. Маурисио Почеттино;

10. Марсело Гальярдо.

3 пікір

  1. Зидан

    Зидан

    12.01.2021 21:45

    Мен 667 тұруыс керек

  2. Зидан

    Зидан

    12.01.2021 20:43

    Мен 667ші орынға лайықпын

  3. Симеоне

    Симеоне

    12.01.2021 20:33

    Нихуя Зидан 1 орын