Соңғы сағыз

19.05.2013, 01:39
Соңғы сағыз
Абыз. Аңыз. Сағыз.

АБЫЗ

САФ алтын биыл Сэр Алекс Фергюссон командасына бұйырды. 26 жылдық бапкерлік ғұмырында ол біршама жеңіске де, жетістіктерге де жетті. 1986-жылдан бері 26 жыл бойы бір клубтың бас бапкері болу, әрі сол клубпен өте жоғарғы деңгейде өнер көрсету бұл сыйлауға тұрарлық нәрсе. Ағылшын футболының абызы деп баға беруге толық шамамыз жетеді. "МЮ" командасы осы аралықта тек қана биіктен көріне білді. Тұрақтылық - шеберліктің белгісі демей ме?! Әрқашан тұрақтылықты талап еткен бапкер сол қырының арқасында абызға айналды. Қаншама талантты ойыншыларға жол сілтеді, жөн көрсетті.

Ал ол осы жолға қалай жетті деп ойланайықшы? Аспаннан түсе салып "МЮдың" бапкері бола салған жоқ әрине. 1974-жылы 32 жасар жас бапкер шотландиядағы «Ист Стерлингшир» командасына қызметке тұрады. Аптасына 40 доллар жалақы алып, жұмысын жүргізген. Сол командада футбол ойнаған ойыншылардың айтуынша ол өте қатал болатын. Тіпті бір футболшы былай депті: "Мен осыған дейін бапкер атаулыдан еш қорықпайтынмын, жаттығуларға еркін келіп кететінмін. Бірақ Алекс келгелі бері барлығы уақытымен жүрді. Мен одан қорқатынмын, - дейді. 1980 жылы "Абердин" кенеттен чемпион атанғанда Алекс Фергюссон баспасөзге былай деп сұқбат беріпті. Осыған дейін мен өзімді жас, тәжірибиесіз бапкер болғандықтан мені команданың көп ойыншылары менсінбейді деп ойлайтынмын.Енді біз чемспион атанғаннан соң, енді түсіндім, ойыншылар мені сыйлайтын болды" - деп ағынан жарылыпты.

АҢЫЗ

Ол "Мюге" бапкер болып келген жылы оның жанұясында трагедиялық жағдайлар ұшыраса бастайды. Шешесі қайтыс болады. Десе де осындай қиын-қыстау кезеңде ол ең басты дүние ретінде клубты алға тартады. "Мен үшін жеке өмірімнен гөрі "Ливерпульді" осындай керемет жүрісінен тайдыртып, ол жинаған атақтарды ұтып алу" деген екен. Осыдан соң Англиядағы атақты клубтардың бірі болған "Ливерпуль" "МЮдің" шаңына ілесе алмай қалды. "МЮ" өз алаңында "Эвертонға" ұтылса да "Ливерге" ұтылмауға тырысқан. Ол барып тұрған масқара ретінде саналса керек. Әрине, мұндай қағида Фергюсонның заманында қалыптасты, орнықты. Осы күнгі кез-келген "қызылдардың" жанкүйері осылай санасына қатырып алған,  солай ойламақ та.

Келер маусымда көз алдыңызға елестетіңізші, "Олд Траффордта" "МЮмен" "Ливерпуль" ойнап, сол кездесуде қонақтар жеңіске жетсе. Алекстің алаң сыртындағы, тіпті стадионның сыртындағы қынжылысы, жергілікті жанкүйердің наразылығы. Телеарнадан көріп отырып, сағыз шайнап отырған Сэрдің орнында өзге біреу. Көрген көзге өзгеше әсер етпек.

САҒЫЗ

Сонымен не керек, ертең 19 мамыр күні астана уақытымен кешкі 21-00 де "Вест Бромвич" - "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесу ойналмақ. Сағыздай созылған 26 жылдың қорытындысы, соңғы күні. Сэр Алекс осы күні өзінің өте ауыр, әрі жүйкені жұқартып өткен бапкерлік ғұмырындағы ең соғы сағызын шайнамақ. Бапкерлік орынтақта отырғанда қаншама сағыз шайнап тастады деп ойлайсыздар? Әрине көп. Оны санаған ешкім де жоқ. Жүйкені сақтау үшін ол кісі іштей тынып, эфмоцияларын іште сақтап, матчқа байланысты ойларын сағызбен бірге шайнақтап, қорытып отырған санасында. "Олд траффордтағы" соңғы ойын "Суонсиге" қарсы өтті. Ол кездесуде "МЮ" жергілікті жанкүйердің алдында жеңіске жетті.

Енді ең соңғы ойын ертең сырт алаңда өтпек. Осы ойын күнтізбе бойынша "Олд траффордта" өткенде тіпті тамаша болып кетер еді. Бірақ амал қанша. Бұл ойында басты қаһарман Сэр Алекс болғалы тұр. Сонымен, ең соңғы рет бапкердің сағыз шайнағанын көруді ұмыт қалдырмаңыздар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×