Соңғы турда «Жетісумен» тең ойнаған «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдегері атанды

30.10.2021, 21:01
«Жетісу» келесі жылы Бірінші лигада бақ сынайды.
Соңғы турда «Жетісумен» тең ойнаған «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында "Жетісу" "Қайрат" командасымен кездесті. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Алматылық клуб бұл ойында "Жетісу" қақпасына 6 дәл соққы жасағанымен, гол соға алмады. Ал талдықорғандықтар Устименко қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Сондай-ақ матчтың бас төреші "Жетісу" ойыншылары Денис Кавлинов пен Айбар Жақсылықовқа сары қағаз көрсетті.

Бір ұпайды қанағат еткен Құрбан Бердыев шәкірттері қола жүлдегер атанды (51 ұпай). 16 ұпайы бар "Жетісу" соңғы орын алып, Бірінші лигаға аттанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×