«Аладоп.кз» «Ақтөбенің» Конференциялар лигасындағы қарымта ойынына байланысты белгілі бапкер Асқар Қожабергеновпен сұқбаттасып, білікті маманның ойын білді.
Командалар арасындағы бірінші кездесу қазақстандық клубтың жеңісімен аяқталған болатын 2:1. Жауапты бәсеке бүгін 23:00-де басталады.
- Асқар Сейдахметұлы, «Ақтөбеге» қарымта кездесуде қалай ойнаған жөн болар еді? Сіз қандай тактика таңдар едіңіз?
- Тактиканы бас бапкер өзі таңдайды ғой, бірақ меніңше, «Ақтөбе» өзінің айып алаңына кіріп алмауы керек. Егер өзіне тиімді есепті сақтаймын деп ойнайтын болса, біраз проблемалар туындайды. Ойынды керісінше, қақпадан, өз айып алаңынан алыстату маңызды. Ал алаң иелеріне гол керек, сондықтан, қарсыластың бар күшін шабуылға салатыны анық. Міне, сондықтан біздің командада қарымта шабуылда мүмкіндік молынан болады. «Ақтөбе» соны пайдаланып қалуы керек. Егер Прагада бір гол соқсақ, жеңіске деген үлкен қадам болатын еді.
- Әңгімеңізге рахмет!
- Сіздерге де.