«Қайрат» ФК футболшылары
Испания чемпионатында доп тепкен Ресей құрамасының футболшысы Денис Черышев ЧЛ негізгі кезеңіндегі «Қайрат» пен оның қарсыластары жайлы пікірімен бөлісті.
«Бұл – Чемпиондар лигасы. Сондықтан «Реалдың» әрбір ойындағы ұпайы алтынға бергісіз. Команда уақыт өткізу үшін алаңға шықпайды. «Реалдың» мақсаты – Чемпиондар лигасын жеңу. Ол жерде өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын футболшылар ойнайды. Мбаппе немесе Винисиустан Қазақстанға барасың ба, жоқ па деп ешкім сұрамайды. Барлығы дайындалады. Бұл басты критерий», – деді Д. Черышев «Championat.com» сайтына берген сұхбатында.
Алматылық клуб ЧЛ-дағы тарихи ойынын 18-қыркүйекте сырт алаңда «Спортингке» қарсы өткізеді. Ал екінші турда 30-қыркүйекте әйгілі «Реал» Мадрид командасын қабылдамақ.