Сонымен, неміс финалы жоқ

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
09.05.2024, 05:33

"Реал" тағы да мықтылығын дәлелдеді

Сонымен, неміс финалы жоқ
Хоселу "Бавария" қақпасына салған голын тойлауда

Бүгін түнде ЧЛ-ның жартылай финалының жауапты кездесуінде "Реал" мен "Бавария" жолықты. Бірінші тайм голсыз өтсе, ойынның екінші жартысында жанкүйерлер үш нәтижелі соққыны тамашалады. 68-ші минутта Альфонсо Дэвис айып соққысын керемет орындаған. Алайда, "Бавария" қорғаушысы бірнеше минуттардан кейін антиқаһарман атана жаздады. Себебі, 73-минутта канадалық футболшы өзінің қақпасына гол салып алған болатын. Әйтсе де VAR   жүйесіне жүгінген төреші голды есепке алған жоқ. Сөйтсек, алаң иелері тарихи камбэк дайындап қойыпты. Кездесудің негізгі уақыты аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Хоселу көзге түсті. Бұл эпизодта мюнхендік клуб қақпашысы Мануэль Нойер өрескел қателікке бой алдырған. Сөйтіп, төреші қосқан қосымша минуттарда (91) Хоселу дубльдің авторы атанып, командасын финалға шығарды. 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 1-ші маусымда әйгілі "Уэмбли" алаңында болады. Шешуші сында "Реал" мен тағы бір неміс командасы - "Боруссия" кездеспек. Не болса да қызық ойын күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×