Сонымен, жаңа заңнама не дейді? Енді ҚПЛ клубтары легионерлерді демеушілер қаражатына ғана тарта алатын болды ма?

27.03.2025, 14:54

Айта кетейік, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдаған.

Сонымен, жаңа заңнама не дейді? Енді ҚПЛ клубтары легионерлерді демеушілер қаражатына ғана тарта алатын болды ма?
"Астана" - Қайрат" кездесуі

Енді осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары саналмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынды.

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев осыған қатысты пікір айтты:

— Легионерлерге қатысты қоғамда көптеген сұрақ қойылған еді. Қазіргі көрсеткіштерге тоқталсақ, футболдан былтырғы премьер-лигада 14 клуб ойнады. Оның ішінде 325 футболшының арасында 149 легионер болған, яғни 50 пайызға жуығын құрады. Спортқа қатысты заң (Парламент қабылдады) күшіне енгеннен кейін, оларды бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан ары қарай қарай қаржыландыру тоқтатылады. Осы орайда біз бұған дейін барлық өңірлердегі клубтарға, федерацияларға жаңа тәртіп күшінен енетінін ескерттік, — деді С. Жарасбаев.

Премьер-лиганың біраз командасы осы тектес өзгерістерді күтіп, әліптің артын баққан. Енді ҚПЛ клубтары жаңа заңнамаға сай әрекет жасауға мәжбүр болады. Ал бұл әрине ең алдымен Қазақстандағы «қалталы» командаларға қатысты дүние.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×