Соққан голы ажал құштырды

21.10.2014, 22:37
Соққан голы ажал құштырды

Үндістан жоғарғы лигасының кезекті ойындарының бірінде жанкүйерлер күтпеген оқыс оқиға орын алды. Қарсылас қақпасына соққан голына ерекше қуанған футболшы сальто айналамын деп ажал құшты.

Мизорам штаты командасының намысын қорғайтын Питер Биаксангзуал есімді футболшы таразы басын теңестірген голды соққаннан кейін, сальто айналамын деп сәтсіз құлаған. Нәтижесінде жұлыны үзіліп, кешкісін ауруханада көз жұмған. 23 жастағы футболшының мезгілсіз дүниеден озуы командаластары мен жанкүйерлерді бір есеңгіретіп тастады. Ал клубтың баспасөз хатшысы, Питердің арманы ұлттық лигада өнер көрсету еді деп өкініш білдірді. Қарсылас қақпасына гол соққаннан кейін, қуанышы қойнына сыймаған кей футболшылар әр түрлі мәнерде тойлау рәсімін өткізеді. Кей футболшылардың акробатикалық әдістер арқылы шеберліктерін танытуы жанкүйерлер алдында тосын сый секілді де көрінеді. Бірақ, ойыншының соққан голдарын ерекше тойлау сәттерінде жарақат алып, немесе келеңсіз жағдайларға тап болған кездері көптеп кездеседі. Бұл футбол тарихындағы бір жағдай ғана емес. Ойын қорытындысында Питер Биаксангзуал өнер көрсететін клуб қарсыластарынан 2:3 есебімен ұтылып қалған. Сонымен қатар, бүгін Англияның «Кэдли» футбол клубының 15 жастағы футболшы аруы да көз жұмды. Ол бірінші таймнан кейін өзін жайсыз сезініп, алаңда құлап, көз жұмған. Дәрігерлер қыздың жүрегі сыр бергенін мәлімдеді. Қай спорт түрі болса да, өзіндік қауіпті тұстары бар. Денсаулықтың – басты байлық екенін естен шығармай, сақтықта қорлық болмайтынын ұмытпағанымыз жөн болар... массагет.кз сайты
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×