Сорокин: “Мартыновичтің тәжірибесі Ямалды тоқтатуға әбден жеткілікті”

28.08.2025, 13:15

"Қайраттың" қорғаушысы Егор Сорокин әріптесі Александр Мартынович туралы пікір білдірді.

Сорокин: “Мартыновичтің тәжірибесі Ямалды тоқтатуға әбден жеткілікті”

Мартынович 38 жасында Чемпиондар лигасында қалай ойынды үздік өткізіп жүр?

"Ол – нағыз кәсіби ойыншы әрі өте ақылды. Ұсақ-түйекке дейін жиі кеңес береді. Подкасттар тыңдайды мысалы, саясат немесе витаминдер жайлы. Сосын үнемі ой бөлісіп, бізбен талқылайды. Мартынович үшін футбол карьерасын ұзақ әрі жоғары деңгейде алып жүру маңызды, ал мен оның кеңестерін тыңдаймын. Оның жетістіктері күнделікті еңбектің жемісі."

Тәжірибесі Ямалды тоқтатуға жете ме?

"100%! Әрине, жеңіп шығады."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×