Спалетти: Мен үшін ақша маңызды емес

25.05.2020, 18:05
Жалтыр бас бапкер ақшаның құлы емеспін дейді.
Спалетти: Мен үшін ақша маңызды емес

Жұмыссыз жатқанына біршама уақыт болған Лучано Спалетти баспасөзге сұқбат берді. "Мен үшін ақша маңызды емес. Мен жұмысқа қайта оралғым келеді. Футболды сағындым" депті. Бұлай айтуының себебі де бар. Ол 2017 жылы "Интер" бас бапкері қызметінен кетті. Бірақ, оның келісім-шарты әлі үзілген жоқ. Ол жылына "Интерден" 4,5 миллион еуро жалақы алып жүр. Келісім 2021 жылға дейін жасалған. Клуб бірінші болып келісімді үзсе, Спалеттиге қомақты қаржы компенсация, яғни өтемақы төлеуі тиіс. Ал Спалетти өзге клуб тапқанша осы жалақыны алып жүре береді. Егер бір клуб оны бапкерлікке шақырса, онда ол келісімді үзіп, еркін бапкер атанады. Сондықтан да, жаңадан жұмысқа шыққым келеді деуінің сыры осында. "Интер" футбол клубына да оның жұмысқа орналасқаны қатты қажет болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×