Чехияның «Спарта» командасының бас бапкері Бриан Приске Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Ақтөбеге» қарсы алғашқы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында пікір білдірді.
– «Ақтөбе» өте жинақы ойнайды. Қарымта шабуылда мықты. Біз ойынды күшейтіп, қарсыласқа қиындық тудыруға қабілеттіміз деп сенемін. Бірақ біз бұл ойынды оңай болады деп күтпейміз, – деді Приске.
Сондай-ақ ол Конференциялар лигасының команда үшін маңыздылығын атап өтті:
– Бұл турнир біз үшін өте маңызды. Біз міндетті түрде Лигаға жолдама алуымыз керек.
Еске салайық, алғашқы матч 24 шілде күні Ақтөбеде, ал жауапты ойын 31 шілде күні Прагада (Чехия) өтеді.