28 жастағы тәжірибелі шабуылшы Ян Кухта Прага ұжымында өткізген соңғы 5 ойынның 4 нәтижелі әрекетімен көзге түсті.
Кеше чехиялық ойыншы ішкі чемпионаттың "Яблонецке" қарсы кездесуінде гол авторы атанды. Шабуылғы бұған дейін “Янг Бойз”, “Копенгаген” және “Баник” Остравамен болған матчтарда ерекшеленді. Онымен қоса, “Млада” Болеславқа қарсы ойында Кухта командаласына бір нәтижелі пас берді.
Осылайша, “Спарта” ойыншысы өзі өткізген соңғы 5 ойында құр алақан қайтпады (4 гол + 1 голдық пас).
Ян “Спарта” командасына осы жылы “Мидтьюлланнан” келіп қосылды.
Еске салайық, чехиялық команда 24 шілде күні Конференция Лигасы аясында “Ақтөбеде” қонақта болады.