«Атырау» футбол клубының спорт директоры Қуаныш Қабдолов Конференциялар лигасының 2-іріктеу кезеңінің бірінші кездесуіндегі «Ақтөбенің» үздік футболшысын атады.
Кеше «Ақтөбе» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Команданың жоспары жүзеге асты. Скворцов, Қайыров, Корзун және басқалары матчтағы өздерінің жекпе-жектерін ұтып, сауатты ойын көрсетті. Кездесудің алдында Өміртаев қарымта шабуылда гол салуы мүмкін деп айтқам, солай болып шықты. 20 минутқа шықса да, өзінің мүмкіндігін пайдаланып кетті. Оралхан өте жылдам, төзімді футболшы. Сондай-ақ, Сосаны да атап өткім келіп тұр – керемет гол соқты, Өміртаевқа жақсы пас берді. Барлығы өте әдемі болды», - деді Қ. Қабдолов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Командалар 31-шілдеде жауапты матч өткізеді.