
Максим Самородов "РБ Спорт" –қа берген сұқбатында «Спартакқа» қарсы өткен ойын туралы пікірін білдірген болатын.
Сондай-ақ, грозныйлық клубтың көшбасшысы РПЛ-дің топ-клубтары жайлы ойын да ортаға салған.
«Спартак – жақсы, кәсіби деңгейі жоғары футболшылардан жасақталған шебер команда. Олар чемпиондыққа таласа алады деп ойлаймын. Десе де, біз өз ойынымызды ойлаймыз. Ал маған бәрібір, алаңдағы қарсыласым турнирлік кестенің соңында тұр ма, басында ма. Айырмашылығы жоқ. Тек өзіміздің ойынымыз маңызды.
- «Спартак», «Зенит», «Краснодар» үштігінің қайсысына қарсы ойнау күрделі болды?
- Жеке өз басыма «Спартакқа» қарсы ойын қиынға соққан, себебі көп жүгіру керек болды», - деді М.Самородов.
Максим Самородов РПЛ-24/25 маусымындағы 16 матчта 3 рет мергендік танытып, 2 голдық пас шығарды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 5 ойындағы 2 добы бар. 23-жастағы жартылай қорғаушы ӘЧ-2026 іріктеуінде Қазақстан құрамасының сапында Лихтенштейн қақпасына бір гол салып, бір ассисттің авторы атанған.
Біздің серіктес: FONBET