«Спартак» жиынын жеңіліспен аяқтады

25.03.2015, 22:32
«Спартак» жиынын жеңіліспен аяқтады
Семейлік «Спартак» Өзбекстан астанасы Ташкентте өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынында соңғы жолдастық кездесуін жеңіліспен аяқтады. Семейліктер жергілікті «Ахтепа» клубымен күш сынасқан болатын. Матч өзбекстандық ұжымның пайдасына шешілді. Есеп – 1:0. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды «Спартак» соңғы минутта жіберіп қойды. «Спартактың» негізгі құрамы: Овчинников, Матвиенко, Деркач, Волков, Кунов, Бірқұрманов, Малышев, Искулов, Байжанов, Укалаев, Задорожный. Екінші таймда ойынға қосылғандар: Колбунцов, Нұрлыбаев, Абдукаримов, Каппаров, Казанцев, Насибуллин, Мұқашев.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×