Sport1.de: "Эрик тен Хаг - "Баварияны" баптайды"

07.12.2019, 22:59
Sport1.de: "Эрик тен Хаг - "Баварияны" баптайды"

Мюнхеннің "Бавария" футбол клубын Эрик тен Хаг баптауы мүмкін деп хабарлайды Sport1.de. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, неміс клубы қазір "Аякс" бас бапкерімен келіссөздерді бастап кеткен. Алайда нидерландтық маман бұл маусымнан бастап емес, 2020 жылдың жазынан бастап тізгінді қолға алауы мүмкін. Егер тен Хаг жазда "Аякс" бас бапкері қызметінен кетер болса, жаңа ұжым келісім-шартты ерте бұзғаны үшін өтемақы төлейді.

Айта кетейік, "Бавария" өткен аптада бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы етіп Ханс-Дитер Фликті тағайындаған болатын.

Айта кетейік, сәл ертеректе "Бавария" басшылары Маурисио Пачеттиномен байланыс орнатты деген ақпарат шыққан еді.

Қазір "Бавария" 13 турдан кейін 24 ұпай жинап, Бундеслигада 4-орында келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×