«Спортинг» бас бапкері: «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне лайықты түрде шықты

18.09.2025, 09:11

«Спортинг» клубының жаттықтырушысы Руй Борхес «Қайратқа» қарсы өтетін матч алдында баспасөз жиынын өткізді.

«Спортинг» бас бапкері: «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне лайықты түрде шықты

«Қарсыласымыз Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасаса да, олар лайықты түрде шықты. Алматылықтардың жарыс жолына қарасақ, іріктеу кезеңінде мықты команданы бәсекеден шығарды. Ал біз өзі кезегімізде маусым алдындағы дайындықта дәл сол «Селтикке» 0:2 есебімен жол берген едік. Шотландия чемпиондары Қазақстан клубына екі ойында да гол соға алмады. «Қайрат» допқа аз иелік етсе де, гол соғатын мүмкіндіктері жеткілікті болды. Қазіргі сәтте олар ел чемпионатында көш бастап тұр. 2025 жылдың өзінде 33 ойын өткізіп үлгерді. Бұны неге айтып жатырмын? Өйткені біз қандай қиындықпен кездесіп тұрғанымызды білеміз. Қарсыластың аты таныс емес болса да, мен өзімнің ойыншыларыма сенемін», - деді бас бапкер Руй Борхес.

Айта кетейік, «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы ойын бүгін түнгі 00:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×