«Спортинг» клубының футболшысы Зено Дебас «Қайратқа» қарсы өтетін матч алдында баспасөз жиынына қатысты.
Дастан Сәтпаевты зерттедіңіздер ме? Ол матчта қандай қауіп төндіруі мүмкін? Себебі, сіздер жақын арада Бельгия мен Қазақстан арасындағы ойында кездескен едіңіздер.
- «Шынымды айтсам, ол Бельгияға қарсы ойында бізді таңғалдырды. Ол өте жақсы ойыншы. Команданың маңызды мүшесі. Біз оны және команданы зерттедік. Сондықтан оны керемет футболшы деп айтар едім».
Кеше «Бенфика» командасы күтпеген сыйлық жасады. «Спортинг» те көпшілікті таңғалдырып жүрмей ме?
- «Иә, «Қайрат» - жақсы клуб. Олар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнауға лайықты. Оны олар «Селтикке» және өзге де қарсыластарға қарсы матчта дәлелдеді. Олардың деңгейі жақсы. Бірақ біз де дайынбыз. Ертең не болатынын көрерміз», - деді Зено Дебас.
Айта кетейік, «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы ойын бүгін түнгі 00:00-де басталады.