“Спортинг” – “Қайрат” матчы Қазақстандық клубтардың тарихындағы ең көп жанкүйер жиналған ойындардың бестігіне кірді

20.09.2025, 20:30

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда өткен “Спортинг” – “Қайрат” матчы Қазақстан футбол тарихында есте қаларлық оқиғалардың бірі болды. Лиссабонда өткен кездесу 38 696 көрермен жиналып, Қазақстандық клубтардың қатысуымен өткен ең көп жанкүйер жиналған Еурокубок ойындарының үздік бестігіне енді.

“Спортинг” – “Қайрат” матчы Қазақстандық клубтардың тарихындағы ең көп жанкүйер жиналған ойындардың бестігіне кірді

“Жозе Алваладе” стадионының сыйымдылығы 52 095 орын екенін ескерсек, аренаның 74%-ы толған. Матч 1:4 есебімен “Қайраттың” жеңілісімен аяқталғанымен, жанкүйерлер саны бойынша ерекше көрсеткіш тіркелді.

Қазақстандық клубтардың қатысуымен ең көп жанкүйер жиналған 5 матч:

1. “Селтик” – “Қайрат” (0:0), ЧЛ-2025/26 — 56 182 жанкүйер

2. “Селтик” – “Астана” (5:0), ЧЛ-2017/18 — 54 016 жанкүйер

3. “Селтик” – “Астана” (2:1), ЧЛ-2016/17 — 52 952 жанкүйер

4. “Селтик” – “Шахтер” (3:0), ЧЛ-2013/14 — 50 063 жанкүйер

5. “Спортинг” – “Қайрат” (4:1), ЧЛ-2025/26 — 38 696 жанкүйер

Алтыншы орында – 2015 жылғы “Атлетико” – “Астана” (4:0) матчы. Оны Мадридтегі “Висенте Кальдерон” стадионында 33 853 жанкүйер тамашалаған.

KazFootball.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×