Португалиялық «Notícias ao Minuto» басылымы ЧЛ негізгі кезеңіндегі «Спортинг» - «Қайрат» кездесуінің қарсаңында алматылық клуб пен оның шабуылшысы Жоржиньо жайлы материал жазып, ҚПЛ-дегі жағдайды тілге тиек етіпті.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионы ЧЛ-дағы дебюттік ойынын Португалия жерінде өткізеді.
«Спортингке ескерту.
«Спортинг», назарына: «Қайрат» португалиялық футболшының голының арқасында жеңіске жетті. «Спортингтің» ЧЛ-дағы бірінші қарсыласы алматының «Қайраты» Қазақстан чемпионатының 22-турын түйіндеген кездесуде португалиялық шабуылшы Жоржиньоның арқасында көкшетаулық «Оқжетпестен» 1:0 есебімен басым түсті. Португалияда "Селейрош", "Мерелиненсе", "Фафе", "Санжоаненсе" және "Певидем" командаларының намысын қорғаған шабуылшы сегізінші минутта гол салып біріншіліктегі өзінің голдар санын сегізге жеткізді. Оның клубы чемпионатта 21 ойын өткізіп бірінші орындағы «Астанамен» бірдей ұпай жинап екінші сатыға жайғасқан және 20 ойын өткізіп үздік үштікті түйіндеген «Тобылдан» 2 ұпай алда тұр.
Алматы қаласының командасы, Қазақстан чемпионатының 2024-жылғы чемпионы. Лиссабоннан 6900 шақырым қашықтықта жатқан шаһардың өкілдері Еуропаның басты клубтық турниріндегі дебютін «Жозе Алваладе» стадионында «Спортинге» қарсы матчта өткізбек. Бұл бәсеке турнирдің шымылдығын ашатын 18-қыркүйекке жоспарланған», - делінген басылымның материалында.
Еурокубоктің екінші турында алматылық команда «Реал» Мадридті қабылдайды. Бұл ойын 30-қыркүйекке жоспарланған.