«Спортинг» клубының президенті Криштиану Роналдудың қайта оралуына қатысты мәлімдеме жасады

17.09.2025, 19:42

«Спортинг» клубының президенті Фредирико Варандас Чемпиондар лигасының алдында ойымен бөлісті.

«Спортинг» клубының президенті Криштиану Роналдудың қайта оралуына қатысты мәлімдеме жасады

«Біз әлемде Луиш Фигу және Криштиану Роналду сында екі «Алтын доп» иегерін тәрбиелеген жалғыз клубпыз. Криштиану Роналду енді Португалияда футбол ойнағысы келмейтінін ашық мәлімдеді. Ол біздің клубтың рухын бейнелейтін шеберлік пен еңбекқорлықтың символы. Роналду бізге халықаралық аренада біздің бірегейлігіміз бен брендімізді нығайтады деп сенемін. Ол «Спортинг» тарихының бір бөлігі болып мәңгі қалады», - деді клубтың президенті.

Айта кетейік, «Спортинг» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турында Қазақстан чемпионы «Қайратты» қабылдайды. Бұл ойын 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні 00:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×