Срджан Благоевич: «Әбден лайықты жеңіс деп ойлаймын»

04.07.2022, 18:46
Елордалық клубтың бапкері жарақат алған ойыншылардың жағдайымен бөлісті.
Срджан Благоевич: «Әбден лайықты жеңіс деп ойлаймын»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Мақтааралмен» (4:0) өткен ойынға қатысты пікірін білдірді.

– Ойыншыларымды жеңіспен құттықтаймын! Әбден лайықты жеңіс деп ойлаймын. Күткеніміздей алғашқы таймда қарсылас команданың өте берік қорғануының әсерінен қақпа кілтін табу мүмкін болмады. Ал екінші таймда барлығын біздің төзімділігіміз бен мықтылығымыз шешетінін түсіндік. Мен ойыншыларға еш асығып-аптықпай, таблоға қарамай, бар ойлары тек ойында болу керегін айттым. Нәтижесінде, айтқанымды бұлжытпаған ойыншыларымды мақтағым келеді. Әсіресе бірінші голды атап өтуге болады, себебі бұл гол біздің нағыз ойынымызды көрсетті. Сол голдан соң кездесу арнасы басқа жаққа бұрылды, бізге әлдеқайда оңайырақ бола түсті. Тағы да жігіттерді жеңіспен құттықтаймын және «Мақтаарал» командасына алдағы уақыттарда сәттілік тілеймін.

– Камо Оганесян жарақат алды, алда еурокубок ойындары күтіп тұр.

– Иә, бұл да бізді мазалайтын тұрған тағы бір сұрақ. Халықаралық үзіліс кезінде Абат сияқты Талғат пен Камоға да ауыр жүк түсті. Бізде ойыншылар жеткіліксіз болғандықтан, Камоны қалпына келтіре алмадық. Оған әр матчта ойнауға тура келді және ол матч кезінде өте қарқынды болатын ойыншы. Өкінішке орай, жарақат алып қалды, мен оны осы ойынға шыдайды деп үміттендім, содан кейін Ксмоға және басқа ойыншыларға 2-3 күн демалыс беруді жоспарладық. Ал Аслан Дарабаевқа ешнәрсе болмапты. Біз жарақатын анықтау үшін Камоны ертең МРТ-ға жібереміз. Бұл ауыр жарақат емес деп үміттенемін, бірақ ол міндетті түрде үзіліс жасауы керек. Медицина қызметкерлерімен бірге біз оны тезірек қайтаруға тырысамыз.

- Бүгін екінші таймда Сұлтан Сағнаев алаңға шығып, «Астана» сапындағы дебюттік голын соқты. Сіз ойыншыдағы прогрессті байқадыңыз ба?

– Сұлтан өте жақсы жаттығады, мен оған өте ризамын. Бұл оның жаттығуға деген көзқарасы үшін берілген марапат. Сұлтанды бұрыннан білемін, екі жыл бұрын «Каспийде» бірге жұмыс жасадық. Мен оның қалай ойнай алатынын білемін. Өте жауапты жігіт, талмай тырысады, алаңда қарқынды түрде жұмыс істейді, мұны талдап қарасақ көреміз. Ол соңғы минуттарда алаңға шығып, мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×