Срджан Благоевич тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.
Благоевич «Астананы» 2021 жылдың қараша айында тізгіндеген болатын. Сербиялық маман командамен маусым алдындағы жиындар мен маусымның біраз бөлігін өткізді. «Астана» оның қол астында турнирлік кестенің көшбасшылар қатарында болды, сондай-ақ Olimpbet-Қазақстан Кубогінің жартылай финалына өтті.
Елордалық клуб Премьер-лигадағы 19 ойынның 11-де жеңіске жетті, 4 матчты тең нәтижемен аяқтады, 4 кездесуде жеңіліске ұшырады. Қазір «Астана» көш басындағы «Ақтөбеден» екі ұпайға артта қалып келеді.
Айта кетейік, Благоевичтің жетекшілігімен «Астана» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде польшалық «Ракувтен» оңбай ұтылған болатын (6:0).
Біздің серіктес: FONBET