Срджан Благоевич: «Астанамен» болған ойын бізге маусымның қалған бөлігінде сенімділікке ие болуға көмектесті»

23.08.2021, 14:56
Жауапты матч бір айдан кейін Ақтауда өтеді.
Срджан Благоевич: «Астанамен» болған ойын бізге маусымның қалған бөлігінде сенімділікке ие болуға көмектесті»

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич Қазақстан кубогінің ширек финалындағы «Астанамен» болған бірінші ойыны туралы пікір білдірді:

- Біз бір апта ішінде өте қиын екі матч өткіздік. Бұл физикалық, техникалық және тактикалық тұрғыдан өте қажет ойындар болды. Жігіттер өздерінің мінезі бар екенін дәлелдеді. Олар сондай-ақ қазақстандық футболдағы үлкен клубтармен және атақты ойыншылармен таласқа түсе алатын қасиетке ие екенін көрсетті. Менің ойыншыларым қателесуі мүмкін, кейбір жағдайларда, мүмкін біз дұрыс шешімдер қабылдамайтын шығармыз, бірақ бір нәрсені сенімді түрде айта аламын, бізбен бірге жүргендерге оңай болмайды!

Бірінші таймда біз өте керемет көріндік. «Астана» - бұл керемет мінезі бар тамаша команда және бұл нәтиже біз үшін үлкен жетістік. Фаворитке қарсы 2:0-ден кейін ойынға қайта оралу өте қиын, мен өз ойыншыларымды құттықтаймын. Біз қысқа үзіліске жоғары көңіл-күймен кетеміз. Бұл ойын бізге маусымның қалған бөлігінде сенімділікке ие болуға көмектесті. Әдеттегідей, біз өзімізге және істеген ісімізге сенеміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×