«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Ақтөбемен» өткен ойынды (1:4) қорытындылады.
– «Ақтөбені» лайықты жеңісімен құттықтаймын. Менің ойымша, ұпай айырмашылығы тым үлкен, біз осылай жеңілетін команда емеспіз. Біраз мүмкіндіктерімізді пайдаланбадық, ал қарсыластарымыз болса өз пайдасына асырды. Ештеңе етпес, біз жұмысты жалғастырамыз, мен командама, жігіттерге сенемін.
- Бүгін стадионда «Ақтөбе» жанкүйерлері тарапынан қызу қолдау болды. Мұны алаң иелерінің осындай жарқын ойын көрсетуінің бір себебі деуге бола ма?
- Егер сізде осындай жанкүйерлер болса, бұл өте керемет. Мен өткен маусымның соңғы турында «Каспийдің» бас бапкері ретінде осында болдым және мұндағы атмосфераға риза болдым. Мен өз командасына құлшыныспен қолдау көрсететін ақтөбелік жанкүйерлерді қатты құрметтеймін. Сонымен қатар олар қарсылас команданы ренжітпейді, бұл үшін мен оларға ерекше құрмет көрсетуге болады. Әрбір қалада осындай тамаша жанкүйерлері бар стадион болса, мен өте қуанышты болар едім.
- Бүгін ойынға жарақатына байланысты көптеген ойыншылар қатыспады. Неліктен «Астананың» қосалқы құрамына жас футболшылар енбеді?
– Себебі кеше «Астана Жастар» Шымкентте ойнап келді. Сондықтан олар бізге физикалық тұрғыдан көмектесе алмады. Ал біздің құрамдағы мәселелер соңғы сәтте туындады, оған жауап беруге үлгермедік.
- «Астана» Рамазан Оразовқа қызығушылық танытып отыр деген ақпарат шықты. Бұл рас па? Сіз оны ойыншы ретінде ұнатасыз ба?
- Біз бұл тақырыпты қозғаған жоқпыз. Сондықтан мен білмеймін. Бірақ ол маған ойыншы ретінде ұнайды, әсіресе ұлттық құрамада ойнаған кезде. Керемет ойыншы. Әр матчтан кейін мен әлеуетті трансферлер туралы сұрайды. Бірақ қазір біреуді қатарға қосатын жағдайда емеспіз. Әсіресе, басқа командамен келісім-шарты бар ойыншыны.
Біздің серіктес: FONBET