Срджан Благоевич: «Бүгін мен қалағандай ойын көрсете алмадық»

06.09.2022, 16:01
«Астана» матч соңында «Ақжайыққа» үш гол соқты.
Срджан Благоевич: «Бүгін мен қалағандай ойын көрсете алмадық»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Ақжайықпен» өткен ойынның (4:0) нәтижесіне қатысты өз пікірімен бөлісті.

- Кездесуде жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Менің ойымша, матчтың нәтижесі жақсы болғанымен, ойын сапасының көрсеткіші мүлдем басқаша. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кейбір ойыншыларсыз алаңға шыққан «Ақжайық» командасын мақтағым келеді, соңғы кезде жақсы ойын көрсетіп жүр, бұл тікелей әріптесімнің еңбегі.

Біз бүгін мен қалағандай ойын көрсете алмадық, оның ауылы алыс. Өз деңгейімізден төмен ойнадық, ал «Ақжайықтың» деңгейі артқан. Соңында 4:0 есебімен жеңдік, ең бастысы осы, бірақ өзімізді алдаудың қажеті жоқ. Командамның ойыншылары жеңіске жету үшін әлдеқайда жақсы ойын көрсету керектігін біледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×