Срджан Благоевич: «Бұл жеңіліс бізге алға жылжуға және ойынымыздың деңгейін жақсартуға көмектеседі»

16.08.2021, 20:19
Ақтаулық клуб келесі кезеңде «Астанамен» күш сынасады.
Срджан Благоевич: «Бұл жеңіліс бізге алға жылжуға және ойынымыздың деңгейін жақсартуға көмектеседі»

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич Қазақстан кубогіні 6-турындағы "Қайратпен" болған матч жайлы өз ойын ортаға салды:

- Мен бұл кездесуді пайдалы және жақсы тәжірибе ретінде қабылдаймын. Ойын бізді максималды күш жұмсауға және қарсыластың жоғары ырғағына бейімделуге мәжбүрледі, біз әдеттегіден әлдеқайда жылдам шешімдер қабылдауға, сонымен бірге оны тактикалық және техникалық жағынан дұрыс орындауға міндеттіміз. Мен мойындауым керек, ойынның басында бізде мәселелер болды, бірақ уақыт өте келе біз бейімделдік.

Әрине, біз жеңілгенімізге және 4 гол жібергенімізге қанағаттанған жоқпыз, бірақ бұл біздің алға жылжуымызға, ойынымыздың деңгейін жақсартуға көмектесетін үлкен тәжірибе. Мен ойыншылардың күш-жігеріне риза болдым, бірақ біз жіберген қателіктер анық болды және ойын ырғағына төтеп бере алмадық. Бұл тәжірибе бізге 5-6 күннен кейін "Астанамен" ойында бәсекеге қабілетті болуға көмектесетініне сенімдімін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×