«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич «Шахтерге» (3:0) қарсы өткен ойынды қорытындылады:
– Бүгінгі жеңіске ризамыз! Ойыншылар жеке шеберліктерін де, командалық ойынды да көрсетті. Матч басталғаннан ойынды бақылауымызға алдық және жеңіске жететінімізге күмәніміз болмады. Менің ойымша, бұл жеңіс, ең алдымен біздің бір-бірімізге деген сеніміміз бен құрметіміздің және қолдауымыздың арқасында келді. Біз өткізген ойынның нәтижелері менің сөздерімді растайды және бұл турнирдің қиын болатынын, тек тұрақты ойын көрсеткен команданың ғана жетістікке жететінін көрсетеді.
Біз бұл жеңісімізден кейін аспандап кетпейміз және жеңілген жағдайда да қатты көңіл-күйімізді түсірмейміз. Мен тек эмоцияға берілмей, бар назарды өз ісімізге аударып, жұмыс жасауды жалғастыра беруді қалаймын. Тағы қайталаймын: бұл 100 метрге жүгіретін жарыс емес — бұл марафон. Сол баяғыдай, алға қарай жылжи береміз, айырмашылық тек ойыннан кейінгі сараптама 4 күн бұрынғыдан жақсы атмосферада өтетін болады.
Кездесуде болған жанкүйерлерге алғысым шексіз және ойынға бір күн қалғанда бізге (қонақ үйге) келіп қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл біз үшін көп нәрсені білдіреді және көмектеседі! Сонда біз өзімізді команда сияқты сезінеміз!
Біздің серіктес: FONBET