Срджан Благоевич: «Екінші матчта жағдайды жақсартуға тырысамыз»

22.07.2022, 15:17
Бапкер бар кінәні өз мойнына алып, жанкүйерлерден кешірім сұрады.
Срджан Благоевич: «Екінші матчта жағдайды жақсартуға тырысамыз»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувапен» болған ойынды (5:0) қорытындылады:

- Мұндай жеңілістен кейін не айтуға болады. Мен үшін бұл ойын туралы пікір айту қиын, бұл біз үшін өте ауыр, жағымсыз нәтиже. Мен «Ракувты» құттықтаймын, олар жеңіске лайық болды, қазір олар бізден бір бас жоғары. Әрі қарай не айтсам да, сылтау сияқты естіледі, мен мұны қаламаймын. Барлық кінәні өз мойныма аламын, екінші матчта жағдайды жақсартуға тырысамыз.

- Польшаға кеш ұшу командаға қаншалықты әсер етті?

– Әрине, әсері болды. Бірақ менде ақталмаймын, бұл ақымақтық болып көрінеді. Команданың бір бөлігі матчқа түнде келсе, екінші бөлігі ойынға екі сағат қалғанда келді. Бұл ақталу емес, «Ракув» лайықты түрде жеңді.

- Енді Қазақстанға қалай қайтасыздар?

- Осы матчтан кейін ойыншылардың бір бөлігі бірден Қазақстанға ұшады. Ал қалғандары жұма күні қайтады.

- Томасов неге ойнамады?

- Марин ауырып қалды, соңғы 2-3 күн бойы дене қызуы көтерілді. Ал кейбір ойыншылар көптен бері жаттығу жасамаған. Сондықтан «Ракувтың» агрессивті ойынына жауап бере алмадық, тырыстық, бірақ қарсылық көрсету мүмкін болмады.

- Матчтан кейін ойыншыларыңызға не дедіңіз?

- Жеңілгеннен кейін де, жеңістен кейін де ойыншыларға ештеңе айтпауға тырысамын. Енді осы ойынды талдап, өз ойыншыларыммен бірге осы матчтан алған әсерімді және жағдайды жақсартуға тырысамыз.

- «Ракувтың» ойынында сізді не таң қалдырды?

- Біз «Ракувты» егжей-тегжейлі талдадық, олардың жақсы жақтарын білдік, бізді ештеңе таң қалдырмады. Ал бұл матчта қарсылас бізден күштірек болды. Осындай ірі жеңіліс үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді.

– Олардың әлеуметтік желіде жазғандарына қалай қарайсыз?

– Әлеуметтік желідегі пікірлерді оқымаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×