Срджан Благоевич: «Матчтан мүлдем басқа нәрсе күттік»

17.04.2022, 15:40
Елордалық клуб маусымдағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Срджан Благоевич: «Матчтан мүлдем басқа нәрсе күттік»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Ақжайықпен» өткен ойынды (1:0) қорытындылады:

– «Ақжайықты» лайықты жеңісімен құттықтаймын. Олардың ойынға қойған белгілі бір жоспары болды және оны іске асырды. Ал біз ойыннан мүлдем өзге нәрсені күттік, ойын жағынан да, нәтиже жағынан да. Қарсылас өте мықты қорғанды, алаңның әр шетін жауып ойнады, өз кезегімізде осы қорғанысты бұзып өту қолдан келмеді.

Бізге не жетіспеді, бізге шешуші нүктені қоятын мықты тактика мен осы матчта көп орын алған допқа талас-тартыста жеңіске жететін әл-қуат жетіспеді. Біз жібермеуге тиісті болған гол – ойын тағдырын шешті. Біз өткен кездесудегі қателіктен сабақ алмадық. Сонымен қатар бұл матч чемпионаттағы бәсекелестіктің деңгейін көрсете алды, кез келген команданың жеңіске жететін мүмкіндігі бар. Біз ыңғайсыз жағдайдамыз, енді тек жеңіске деген мінез бен үлкен еңбек бізді құтқара алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×