Срджан Благоевич: «Қазақстан Кубогінде жасаған әр ісімізге қуанып, мұны мақтан етуіміз керек»

09.08.2021, 22:27
«Каспий» ширек финалға мерзімінен бұрын шыққан алғашқы команда атанды.
Срджан Благоевич: «Қазақстан Кубогінде жасаған әр ісімізге қуанып, мұны мақтан етуіміз керек»

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич Қазақстан Кубогінің бесінші турында «Тұранмен» болған ойынға қатысты пікір білдірді:

- Біз Қазақстан Кубогінде жасаған әр ісімізге қуанып, мұны мақтан етуіміз керек. Топтық кезең аяқталғанға дейін топтан шыққан жалғыз команда болу - «Каспий» ФК үшін тамаша нәтиже. Әрине, келесі кезең ойындарының қашан басталатыны маңызды емес, бірақ біз жеткен жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Біз ойын уақыттары аз ойыншыларға, сондай-ақ жаңадан келгендерге өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Және негізгі ойыншылардың кейбіреуіне демалыс беріп, жарақат алған бірнеше ойыншыны қатарға қосуға мүмкіндік алдық.

Ойынның өзіне келер болсақ, команданың алаңға алғаш рет осындай құраммен шыққанын ескерсек, бұл қанағаттанарлық нәтиже болды. Мен алаңда болған және тағы да қақпамызға гол жібермеуге тырысқандардың барлығын құрметтеймін. Бізде ширек финалға дайындық үшін екі апта уақыт бар және біз оларды оң нәтижеге жету үшін пайдалануымыз керек. Бізге кімнің қарсы тұратыны маңызды емес, біз тек өзімізді және одан әрі алға ұмтылуды ойлаймыз.

Кездесудің тағдырын шешкен Талғат Кусяповтың керемет голына тоқталмасам тағы болмайды. Мұндай сәттер футболды қызықты ойынға айналдырады. Оның қабылдаған шешімі, ең алдымен, оның көп нәрсеге қабілетті екендігін көрсетеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×