Срджан Благоевич: «Қиын ойын болды»

11.04.2022, 14:37
Елордалық клуб жеңісті сериясын үш матчқа ұзартты.
Срджан Благоевич: «Қиын ойын болды»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Таразбен» өткен ойынның (2:1) нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

– Қиын ойын болды, өте жақсы мүмкіндіктермен қатар, көңілімнен шықпаған сәттер де болды. Бірақ ең бастысы, нәтижеге ризамыз, барлығын жеңіспен құттықтаймын. Әрине, бұл біз үшін чемпионатты нашар бастағаннан кейінгі қатарынан үшінші жеңіс. Турнирлік кестеде жоғары көтеріліп, көшбасшыларға жақындадық.

- Бүгін команда көп соққы жасады, бірақ матч тағдырын автогол шешті. Мүмкіндіктерді жүзеге асыру туралы не айта аласыз?

- Ойын тағдырын әрқашан ұсақ бөлшектер шешіп жатады. Біз тырысамыз, жігіттер жаттығуда жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл мәселе де шешіледі деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×