Стадион бар, команда жоқ

29.05.2020, 03:53
Қазақстандағы ең ескі стадиондардың бірінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Стадион бар, команда жоқ

1947 жылы салынған Павлодар қаласының Орталық стадионында жаңарту жұмыстары төртінші рет қолға алынды. 2001, 2007 және 2015 жылдары әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Биыл спорт нысанын жаңартудың алғашқы кезеңінде мерзімі өткен футбол алаңының жамылғысы ауыстырылады. Әрі қарай суару және жылыту жүйелері жаңартылады. Жаңа жасанды газонды төсеу алдында аренаның негізгі дайындығы мұқият тексерілді. Елордалық «Астана Арена» мен қарағандылық «Шахтёр» стадиондарында жасанды футбол алаңын Италияның үздік тауар өндірушілері алып келген болатын. Енді сол компания ФИФА талабына сай жасанды газонды Павлодар стадионына төсейді.

Португалиядан әкелінген резеңке түйіршіктер жасыл алаңның төзімді, серпімді болуына және жарақаттан сақтауға көмектеседі. Павлодар қаласында спорттың басқа түрлеріне жағдай жасалып жатыр. Мәселен, Орталық стадионның жүгіру жолақтары ауыстырылады. Секіру және ядро лақтыру аймағы да ыңғайлы болмақ. Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

«Жөндеу жұмыстары толықтай УЕФА-ның талаптарына сай жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін Павлодар стадионын жарысқа өткізбеу туралы бірнеше рет шағымдар түскен. Қазақстан футбол федерациясының талабы бойынша құрылыс басталды. Еуропаның футбол қауымдастықтарына мүше ретінде Қазақстан халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайды», - дейді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×