“Стадион көрінетін пәтерлер сатылып жатыр” – Нұралы Әліп “Қайрат” – “Реал” матчы туралы

28.09.2025, 14:00

“Зенит” пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчының айналасындағы дүрбелеңге қатысты ойын айтты.

“Стадион көрінетін пәтерлер сатылып жатыр” – Нұралы Әліп “Қайрат” – “Реал” матчы туралы

Әліптің сөзінше, Алматыда матчтың маңызы соншалық, стадионды көрінетін пәтерлерге сұраныс артып, оларды жалға берушілер көбейген.

“Бүгін “Реал” жеңілді! Ойлаймын, олар Қазақстанға негізгі құрамын әкеледі — алдарында ауыр матчтар бар. Дегенмен, бізге тең есеп те өте жақсы. Алматыда қазір стадионды көретін пәтерлерді жалға беріп жатыр. Өйткені стадион кішкентай, ал билетке 200 мыңға жуық өтінім түсті.” – деді Әліп.

– Чемпионат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×