Стадион мәселесі шешімін тапты ма?

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен үмітті “Қайрат” ұжымы алдағы уақытта өз алаңындағы ойындарын қайда өткізбек?

Стадион мәселесі шешімін тапты ма?

Алматыдағы Орталық стадион УЕФА-ның 4-категориясын сақтап қалу арқылы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңін өткізе алады. 

“Қайрат” командасы осы жылы өз қалтасынан қаржы шығарып, БАҚ өкілдері мен комментаторлар отыратын позицияларды толық жөндеу жұмыстарынан өткізіпті. Сол арқылы стадион Еурокубоктің басты бәсекесін қабылдауға мүмкіндік алды.

Еске салайық, еліміздің Алматыдағы басты стадионы 2017 жылы алғаш рет УЕФА тексерісінен кейін 4 категорияға қол жеткізген болатын. Сөйтіп Қазақстандағы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңін қабылдай алатын “Астана Аренадан” кейінгі екінші стадион атанды.

Айта кетейік, “Қайрат” Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығу үшін словакиялық “Слованды” және шотландиялық “Селтикті” қос матч қорытындысы бойынша ұтуы тиіс. Сонда ғана Алматы шаһарында Чемпиондар Лигасының еуромаусымы жалғасын табады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×