Станимир Стойлов “Ақтөбе” командасының бапкері қызметіне келмейтін болды

58 жастағы болгар маманы Түркияда қала бермек.

Станимир Стойлов “Ақтөбе” командасының бапкері қызметіне келмейтін болды

Станимир “Гезтепе” командасындағы 2027 жылға дейінгі келісім шартына сәйкес, клубта жұмысын жалғастыра береді. Измир қаласы ұжымының басшылығы Стойловтың көрсетіп жатқан соңғы нәтижелеріне көңілі толады. 

“Гезтепе” болгар бапкері тізгінінде Түркия Суперлигасының осы маусымында 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 4 орында келеді. Одан тағысы, оның командасы Opta Sports порталы дерегінше, Еуропадағы ең мықты қорғаныстағы ойын өрнегін көрсетіп жүр екен. Мәселен, “Гезтепе” чемпионатта өткізген 16 ойында небәрі 9 гол жіберген.

Айта кетейік, Станимир Стойлов - Қазақстан футболы тарихындағы ең мықты бапкерлердің бірі саналады. Ол 2014-2018 жылдар аралығында “Астана” клубын жаттықтырып, 4 рет ел чемпионы және 1 мәрте Қазақстан Кубогыне қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×