Станимир Стоилов «Ақтөбеге» келуі мүмкін бе? Болгариялық маман нақты жауап берді

14.12.2025, 16:11

«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов «Ақтөбенің» қызығушылығы мен жоспарлары жайлы айтты.

Станимир Стоилов «Ақтөбеге» келуі мүмкін бе? Болгариялық маман нақты жауап берді
Станимир Стоилов

Осыған дейін БАҚ-та «ақ-қызылдар» басшылығының болгариялық бапкерге нақты ұсынысы туралы айтылған. Алайда, Стоиловтың өзі бұған былайша жауап қатыпты.   

«Менің «Гезтепемен» әлі бір жарым жыл келісімшартым бар. Ол күшінде тұрғанда маған басқа клубтармен келіссөз жүргізуге болмайды», - деді болгариялық маман.

Естеріңізде болса, Станимир Стоилов 2014-2018 жылдар аралығында «Астананы» жаттықтырды. Сондай-ақ, 2018-2019 жылдарда Қазақстан құрамасында бас бапкер болған. Болгариялық бапкер қазақ футболындағы үздік маман саналады – Стоиловтың жаттықтыруымен елордалық клуб Қазақстан тарихында ЧЛ негізгі кезеңіне шыққан тұңғыш команда атанды. Сондай-ақ, «Астана» Стоиловтың баптауымен елдегі ұжымдар арасында Еуропа Лигасының плей-офына да алғаш болып аяқ басқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×