«Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов елордалық клубтың маусымдағы нәтижесіне қатысты пікірін айтты.
«Астана» чемпион атанса деп өте қатты тілеп едім, бірақ олай болмады... Мүмкін олар «Тобылға» қарсы кездесуде қателіктер жіберген шығар, алайда «Астана» мықты команда, келесі маусымда одан ары күшейе түседі. Оның үстіне олар өздерінің алаңдарына қайтып оралады - бұл үлкен мәселе еді. Алматыда ойнады - бұл дұрыс емес. Келесі жылы қазіргіден мықты болады және Гриша Бабаян команданы чемпиондыққа алып келеді», - деді С. Стойлов.
Айта кетейік, ҚПЛ-2024-те елордалық клуб «Қайраттан» бір ұпайға қалып, екінші орын алды. Биылғы үздік үштікті «Ақтөбе» түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET