Станимир Стойлов Болгария футболындағы ең ірі келісімшарттан бас тартты

01.01.2021, 20:15
Стойлов шет елде жұмыс істегісі келеді.
Станимир Стойлов Болгария футболындағы ең ірі келісімшарттан бас тартты

"Астана" мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Станимир Стойлов болгариялық "Лудогорецті" жаттықтыру туралы ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғандай, Стойлов жылдық жалақысы 1 миллион еуроны құрайтын 2,5 жылдық келісімшарттан бас тартқан. Бұл Болгария футболы тарихындағы ең үлкен бапкерлік келісімшарт. Стойлов әлі Болгарияға оралуды жоспарлап отырған жоқ. Болгариялық маманның басымдығы - шетелде жұмыс істеу.

Стойловтың соңғы жұмыс орны ол 2019 жылдың қаңтарында кеткен Қазақстан Ұлттық құрамасы болды. Станимир "Астананы" 2014 жылдан 2018 жылға дейін баптады. Оның басшылығымен елордалық клуб төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды және қазақстандық футбол тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Стойлов сонымен қатар "Астананы" екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және бір рет турнирдің 1/16 финалына шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×