Станимир Стойлов болгариялық клубты тізгіндеді

03.09.2021, 15:16
Стойлов бапкерлік мансабын өз отанында жалғастырмақ.
Станимир Стойлов болгариялық клубты тізгіндеді

Футболдан «Астана» мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов болгариялық клубқа бас бапкер болып тағайындалды.

Осылайша, Стойлов бапкерлік мансабын өз отанында жалғастырады. Ол Софияның «Левски» клубын тізгіндеді және командадағы алғашқы жаттығуын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Стойлов «Астананы» төрт мәрте Қазақстан чемпионы етті, сонымен қатар тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарды. Ол сонымен қатар елордалық клубты екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығарды, бір рет турнирдің 1/16 финалында бақ сынады. «Астанадан» кейін болгариялық маман Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. 2019 жылы ұлттық құрамадан кеткеннен кейін жұмыссыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×