Станимир Стойлов “Гезтепе” ұжымының рекордсмендері қатарына кірді

Болгар Түркиялық клубтың тізгінде ең көп ойын өткізген жаттықтырушы атанды.

Станимир Стойлов “Гезтепе” ұжымының рекордсмендері қатарына кірді

58 жастағы Стойлов “Гезтепе” командасында 2023 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Осы уақытқа дейін Станимир өз клубы тізгінінде Түркия Суперлигасында 56 матч өткізіп, Аднан Шувари есімді бапкерден кейінгі екінші үздік көрсеткішті тіркеді (350). Қазірде “Гезтепе” ішкі чемпионаттың 19-туры қорытындысы бойынша 36 ұпаймен 4 орында келеді. 

Айта кетейік, Стойлов бапкерлік мансабын 2004 жылдан бері жалғап келеді. Болгарияның жастарын жаттықтырып бастаған бапкер әртүрлі командалармен 6 рет ел чемпионы атанған. Одан тағысы, Қазақстан футболы тарихында “Астана” командасын Чемпиондар Лигасы топтық кезеңіне алып шыққан алғашқы бапкер болып тіркелді. 

Станимир Стойловтың “Гезтепе” командасындағы келісім шарты 2027 жылдың 30 шілдесіне дейін жарамды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×