Жартылай қорғаушы Алексис Антунеш “Гезтепе” ойыншысы атанды.
Түркия Суперлигасы командасы 25 жастағы швейцариялықпен 3,5 жылға келісім шартқа отырды. Егерде Антунеш командаға еті тез үйреніп, жақсы ойын өрнегін көрсететін болса, онда бір жылға келісімді созу құқығына ие. Әзірге трансфер құны беймәлім күйде қалуда.
Осы маусымда Алексис “Серветт” клубында барлық турнирлерде 18 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Ойыншы қараша айынан бері жарақатын емдетіп келеді. Ол өзінің жаңа командасына 2026 жылдың қаңтар айында көмектеседі деп күтілуде.
Еске салсақ, “Гезтепе” командасын бүгінде “Астананы” біраз жетістіктерге алып келген болгар маманы Станимир Стойлов жаттықтырады. Оның баптауында түркиялық ұжым Суперлигада 29 ұпаймен турнир кестесінде 4 орында келеді.