Станимир Стойлов: "Мүмкіндік туып жатса міндетті түрде пайдаланамыз"

02.11.2015, 22:30
Станимир Стойлов: "Мүмкіндік туып жатса міндетті түрде пайдаланамыз"
"Астана" футбол командасының бас бапкері Станимир Стойлов "Атлетикоға" қарсы кездесу жайлы өз ойымен бөлісті.  Команданың көңіл-күйі жақсы. "Атлетико" матчтың фавориті, бірақ футболда бәрі кездеседі. Егер барыңды салып ойнасаң, мүмкіндік міндетті түрде болады. "Атлетиконың" фавориит саналуы қалыпты жағдай-деп бастады Стойлов сұхбатты. Соңғы ойында алаңға Максимович неге шықпады? Неманья "Ертіске" қарсы ойынға денсаулығына байланысты, яғни басы ауырып қатыса алмады. Ертең де өзің жайсыз сезінсе, "Атлетикоға" қарсы ойнамайды. Чемпионаттағы ойынға байланысты кейбір футболшыларды қосалқы құрамда қалдырасыз ба? Барымызды салып ойнаймыз. Матчқа дайын футболшылардың бәрі ертең алаңға шығады. "Ақтөбемен" болатын чемпиондыққа талас үшін матч па, әлде "Атлетикоға" қарсы ойын ба? Қайсы маңызды?  Біз тек ертеңгі болатын ойынды ғана ойлаймыз. Байқасаңыз, біздің командада ешбір футболшы қатарынан үш-төрт матчта негізгі құрамда шықпайды. Сонда ғана бәріне бірдей күш түседі. "Ақтөбемен" болатын ойынға дейін әлі бес күн бар. Ертең тең нәтиже тіркелуі мүмкін деген ойлар бар. Сіз не айтасыз?  Мен әрқашан өз футболшыларыма сенемін. Өз футболымызды ойнай аламыз. Оны талай көрсеттік. Дегенмен, "Атлетиконың" да күшін жақсы білеміз. Жанкүйерлер де жақсы қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Егер, мүмкіндік туып жатса міндетті түрде пайдаланамыз. Өзімізге сенеміз. "Астана" кез келген қарсыласты жеңе алады! Гризманнды қалай тоқтатасыз? Футболшыға жеке қарсылас ойыншыны ғана бақылап жүр деп талап қоймаймыз. Әр футболшы қорғанысқа керек кезде көмекке келуі тиіс.      
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×