Станимир Стойлов "Ордабасыға" келе ме?

20.07.2024, 12:28

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Петрокуб" - "Ордабасы" кездесуінен кейін молдовалық спорт журналисі Виктор Даги Қазақстан чемпионы жайлы өз ойын айтты.

Станимир Стойлов "Ордабасыға" келе ме?
Станимир Стойлов

Футбол тақырыбында қалам сілтеп жүрген маманның пікірінше, "Ордабасыға" бапкер ауыстырған жөн. Оның ойынша бұл қызметке "Астананы" жаттықтырған Станимир Стойлов секілді бапкерді алған жөн. 

"Ордабасы" маған ұнады. Құрамында бірқатар жақсы футболшы бар екені байқалады. Бас бапкерімен таныс емеспін, бірақ соңғы кезде жаңа жаттықтырушыны шақыру жайлы айтылып жүргенін білемін, әсіресе "Петрокубтен" кейін. Менің есіме шеберлігінің арқасында "Астана" командасын жоғары деңгейге көтерген болгариялық маман Станимир Стойлов түсіп тұр. Меніңше, клуб бапкер ауыстырудан тек қана ұтады. Бірақ, жаңа бапкерді бұрынғысын ауыстыру үшін ғана шақырудың қажеті жоқ. Басқа жерде нәтиже көрсетіп, өзін дәлелдеген бапкерді алу керек. Сонда "Ордабасының" ілгері басарына сенімдімін", - деді моловалық журналист. 

Айта кетейік, ЧЛ бірінші іріктеу кезеңінің қос кездесуінің қортындысында "Ордабасы" молдовалық "Петрокубтен" жеңіліп, жарысты аяқтады. Енді шымкенттік ұжым өзінің жорығын Конференция Лигасында жалғастырмақ. Осы турнирдің екінші айналымында ҚПЛ чемпионы люксембургтің "Дифферданжымен" шеберлік байқасады. КЛ-де сондай-ақ, "Астана" мен "Тобыл" да ел намысын қорғайды. Қазақстандық командалар бірінші кездесулерін 25-шілдеде өткізеді. Жауапты матчтар 1-тамызға жоспарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×