Қазақстан құрамасы мен елордалық "Астананың" бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов KazFootball.kz сайтына берген сұхбатында Владимир Газзаевтың "Ақтөбеге" оралуы жайлы пікір білдірді.
Владимир Газзаев – "Ақтөбе" үшін ең жақсы нұсқа деп ойлаймын. Ол осы командада жұмыс істеді, табысқа жетті, екі мәрте медальға ие болды. Қаланы, аймақты жақсы біледі. Сонымен қатар оған клубта жұмыс істеуге және бағынуы мүмкін белестерге жетуіне мүмкіндік бермеді. Ол психологиялық тұрғыдан клубқа қатысты құрған жоспарын жалғастыруға, команданы жеңіске жетелеуге дайын. Сондықтан "Ақтөбе" басшылығы дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын.
- Газзаев Қазақстанда екі түрлі клубта жұмыс істеді, бірақ екі команда да оған соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Ол неге аз уақыт берілді деп ойлайсыз? Көбінесе оны еурокубоктегі сәтсіздіктер үшін айыптайтын.
- "Астана" да, егер есіңізде болса, басында еурокубок бәсекесінде қатты сүрінген еді, бірақ одан кейін не болғанын білесіз - Чемпиондар Лигасындағы, сондай-ақ Еуропа Лигасындағы тамаша жеңістер мен табыстар. Өкінішке орай клубтардағы шешім қабылдайтын адамдар бапкердің еңбегін бағаламайды және асығыс шешім шығарады. Менің ойымша, Газзаев Қазақстанда керемет нәтиже көрсетті - екі түрлі командамен бірінші орында келе жатты және чемпиондыққа басты үміткер болды, 20 матч бойы жеңіліске ұшырамады! Оның үстіне ол мықты командалар құра білді және бұл дәреже мен жаттықтырушылық деңгейдің жоғары екенін көрсетеді.
– Ағымдағы маусымдағы Қазақстан чемпионатын бақылап отырасыз ба? Чемпионаттың бастапқы кезеңі туралы не ойлайсыз?
– Иә, әрине, қадағалаймын, бірақ, өкінішке орай, Премьер-лига деңгейінің өте қатты төмендегенін айтуға мәжбүрмін. Еурокубоктардағы барлық қазақстандық командалардың сәтсіздігі – бұл айсбергтің басы ғана. Чемпионат деңгейінің жалпы төмендеу себептері көп, бірақ солардың бірі – білікті жаттықтырушылардың жетіспеушілігі. "Ақтөбе"Газзаевты таңдамаса да, ол Премьер-лиганың кез келген клубын жаңа деңгейге көтере алады. Ол 100% Қазақстанға бейімделген және керемет жеке қасиеттерге ие – психологиялық тұрғыдан өте мықты, жаттықтырушы-максималист, ол жеңімпаздың психологиясына ие. Ал бұл сирек кездесетін дүние.
Біздің серіктес: FONBET