
Станимир Стойлов
Түркия кубогының ширек финалында "Астана" және Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станимир Стоилов жаттықтыратын "Гёзтепе" командасы Стамбулдың Тупраш стадионында өткен ойында "Бешікташты" 3:1 есебімен жеңді.
Матчтың 30-минутында "Бешікташ” ойыншысы Эрнест Мучи есеп ашты. Алайда, 36-минутта "Бешікташ” қорғаушысы Тайип Сануч қызыл қағаз алып, алаңнан шеттетілді. Осыдан кейін "Гёзтепе” шабуылшысы Ромуло Кардосо хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл матчқа қатысқан жоқ.
"Гёзтепе" жартылай финалда "Трабзонспормен” кездеседі.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET