Алматыдағы баспасөз-конференциясында ел құрамының бас бапкері Айбол Әбікеннің өсу потенциалы бар екендігіне тоқталып өтті.
Алматыдағы Ұлттар Лигасының 1-тур матчында Айбол 58 минутта Рамазан Оразовты алмастырып алаңға кірген болатын. Әбікен аталған ойында командаластарымен салыстырғанда, ең төмен баллмен бағаланды (5.9). 28 жастағы жартылай қорғаушы Норвегияға қарсы сәтсіз кездесуден кейін қосалқы құрамда қалды. “Стожицедегі” ауыр ойын өкінішке қарай, біздің жігіттер үшін 3:0 есебімен сәтсіз аяқталды.
Біздің серіктес: FONBET