Ресейлік ардагер Алексей Попов "Спорт День за Днем" порталына берген сұқбатында Станислав Черчесовтың «Ахматқа» баруы мүмкін деді.
Айта кетейік, грозныйлық ұжым биыл Ресей премьер-лигасында өте сәтсіз маусым өткізуде. Кеше Сергей Ташуевтің командасы сырт алаңда «Крылья Советовтан» 1:2 есебімен ұтылып қалды. «Ахмат» сапында жалғыз голды қазақстандық Максим Самородов соққан болатын.
«Олардың жоспарында Черчесов жүр. Демек, ол туралы ойлайды деген сөз. Черчесовтың «Ахматқа» келуі мүмкін деген әңгіме бекер емес қой. Грозныйлықтарды премьер-лигада алып қалатын қауқары бар. Черчесовтың үздік алтылықтың қатарына кіру үшін күресе алатыны да анық», - А. Попов.
Айта кетейік, Станислав Черчесов осы жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Қазақстандық футболшылар ресейлік маманның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды.
Біздің серіктес: FONBET