Станислав Черчесов Аустрия жайлы: олар шабуылға тез шығып кетеді екен

15.11.2024, 12:50

Станислав Черчесов Аустрияға қарсы өткен ойын туралы пікірін айтты.

Станислав Черчесов Аустрия жайлы: олар шабуылға тез шығып кетеді екен
Қазақстан - Аустрия кездесуі

Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліске қарамастан команданың өнерінен жағымды моменттерді байқағанын жасырған жоқ. Кеше ұлттық команда Алматының «Орталық» алаңында Аустриямен шеберлік байқасып 0:2 есебімен ұтылған болатын. Ұлттар Лигасындағы бес турдың қортындысы бойынша Қазақстан бір-ақ ұпаймен соңғы орынға жайғасқан.

«Бірінші тайм көңілімнен шықпады. Біз тым қонақжай көріндік, бірінші голды сыйлай салдық. Сосын ақылдаса келе, қорғаныста қателік жібермеу керек деген ұйғарымға келдік. Өйткені, олар шабуылға тез шығып кетеді екен. Бірақ, қорғаныста өрескел қателік жіберіп, «қызыл қағаз» алдық та, екінші голды жібердік. Осыдан кейін біз өзгердік, қайта гол жібермедік.

Ұлттар лигасының ойындары команданың қалыпқа келуі үшін маңызды, алда әлем чемпионатына іріктеу ойындары тұр. Сол үшін бұл матчтар қажет. Ал, команданың бүгінге дейін өткізген ойындарына көңілім толады», - деді С. Черчесов.

Енді Қазақстан топтағы соңғы кездесуін қарашаның 17-де Норвегияға қарсы өткізеді. Жалғыз ұпай еншілеген Черчесов шәкірттері бес турда қарсыластарының қақпасына бірде-бір гол соға алмай келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×