Станислав Черчесов: Аустрияның құрамасын қарап шошудың қажеті жоқ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Аустрия жерінде сұқбат берді. 

Станислав Черчесов: Аустрияның құрамасын қарап шошудың қажеті жоқ
KFF

- Станислав Саламұлы, ұлттық құраманың дайындық жұмыстары қалай жүрді?

- Дайындық жұмыстары өте күшті өтті. Біз 4-5 күн бұрын жиналып, Аустрияда жақсы күн-райы болды. Жасыл алаң соншалықты сапалы болмаса да біз өзімізге керектіні алдық. Бүгін алғашқы жаттығу жасап, жағдайдың қандай екенін байқап көреміз. Футболшылар үшін барлығы жақсы секілді. Олар өздерін жақсы сезініп отыр. Жаттығу жұмыстары толықтай аяқталған соң, дәрігерлердің қорытындысын күтеміз.

- Ұлттық құраманың Аустрия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуінің себебі неде? Сіздің Аустрия жерін жақсы білетініңіз әсер етті ме?

- Жоқ, бұл идеяны Қазақстан футбол федерациясы ұсынды. Біздің кейбір футболшылар Еуропада тұрады. Оларға осында 3 сағатта келе салу өте тиімді еді. Оларды Алматыға жиынға шақырып, 10 сағат ұштырғаннан пайда жоқ. Сосын, олардың бәрін ертіп алып мында 10 сағат ұшып келер едік. Түк те пайдасыз болғандықтан, керісінше біздің осында келе салғанымыз дұрыс болды. Уақыт ұттық. 

- Мысалы, Аустрия құрамасы соңғы екі ойында 55 және 60 пайыз допқа иелік етіпті. Допқа иелеік ету уақыты өте көп командаға қарсы қалай ойнаған дұрыс?

- Допқа иелік ету футболдың негізгі бөлігі емес. Одан бөлек маңызды екі шаруа бар. Біз соларға басымдық беруіміз керек. Егер мүмкіндіктерді молынан пайдалансақ допты көп ұстап жүрудің еш пайдасы болмайды. Қорғанысты отыра беру деген біздің жоспарымызда жоқ. Керісінше шабуылдап, өз ойынымызды жүргіземіз. 

- Ортадағы ойыншыларға көп нәрсе байланысты ғой. Олар жайлы не айтасыз? Мәселенкей, Конрад Лаймер, Марсель Забитцер және Николас Зайвальд секілді жігіттер Бундеслиганың ТОП клубтарында өнер көрсетеді. 

- Иә, ортадағы ойыншылары мықты. Сіз дұрыс айтасыз. Оны бүкіл әлем біледі. Демек, бізге соларды алдап түсіру қажет. Аустрия құрамасының ойыншыларына қарап шошудың қажеті жоқ. Олардың да осал тұсы бар. Тек сол ұсал тұстан әдемі соққы беру керекпіз. Біздің футболшылар да өздерінің деңгейін салыстырып көргісі келеді. 

- Құрамада тәжірибиелі әрі жастары келген ойыншылар қазір жоқтың қасы. Мысалы, Малый, Қуат және Бейсебеков ұлттық құрамаға алынбады. 

- Біздің шақырған ойыншылар да жастар емес. Арасында үлкен жігіттер бар. Бізге қазір анау мынандай еді деп жүретін уақыт жоқ. Құрамаға жаңа кандидаттарды шақыра береміз, шақыра береміз. Кім дәл қазір жақсы ойнап жүр соларды шақыртып, үнемі команданы ауыстырып отыратын боламын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×